Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жұмысын тоқтатпаған клуб иесіне айыппұл салынды

Алматы облысында төтенше жағдай тәртібін бұзған компьютерлік клуб иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзек кентінде түнгі мезгілде патрульдеу барысында төтенше жағдайға байланысты тыйым салынғанына қарамастан жұмыс жасап тұрған виртуалды ойын клубын анықтаған. Тексеру барысында клубта оннан астам адамның болғаны белгілі болды.
Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты көңіл-көтеру орындарының, оның ішінде ойын клубтарының, түнгі клубтардың және компьютерлік клубтардың қызметіне толығымен шектеу қойылған. Дегенмен, 1984 жылы туған жергілікті тұрғын қойылған талаптарды бұзғаны анықталды.

“Құқық бұзушыға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабының 3-тармағына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды”,- деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

Аталған дерекке қатысты іс материалдары сотқа жолданып, құқық бұзушыға 10 АЕК мөлшерінде, яғни 26510 теңге айыппұл салынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру