Қарауыл қызметкерлері алғысқа бөленді
Қостанай облысы Арқалық қаласының тұрғыны жергілікті қарауыл қызметкерлеріне өз міндетін адал атқарғаны үшін үлкен алғыс айтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
1 ақпанда «Өрт сөндіру және авариялық – құтқару жұмыстары қызметі» ММ қызметкерлеріне кезекті алғыс хат келіп түсті. Онда Арқалық қаласының тұрғыны Арқалық қалалық №4 МӨСБ 3-қарауыл қызметкерлеріне өз жұмысын адал орындағаны үшін үлкен алғыс айтады.
–Мен, Г. Ғ. Сейдахметова Арқалық қалалық №4 МӨСБ 3-қарауыл қызметкерлеріне өз жұмысын адал орындағаны үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді және бөлімше командирі Ж. Қ. Мүсілімге жеке алғыс білдіргім келеді, ол қорқынышты дыбыс пен жағымсыз иісті байқай қала, лезде аға инженер А. Қ. Нағашыбайға баяндады, – делінген хатта.
Еске сала кетсек, 2020 жылдың 1 сәуірінде Горбачев көшесі 85 үйдің аумағында түнгі кезекшілік уақытында, аумақты аралау барысында №4 МӨСБ 3-қарауыл бөлімшесінің командирі Ж. Мүсілім өртті көріп, ауысым басшысы А. Қ. Нағашыбайға баяндайды. №3 кезекші ауысымның жедел іс-қимылдарының арқасында оттың одан әрі таралуына жол берілген жоқ. Өрт сөндіру барысында екі Газель көлінігі, Toyota Land Cruiser 200 және үйде өрттің таралу қаупі құтқарылды.
Үйде төрт ересек және жеті бала болған.