Балалар үйінің түлектеріне көмек көрсетілді
Алматыда балалар үйінің түлектеріне көмек көрсетілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әуезов ауданының полицейлері “Жастар үйі» тұрғындарының мәселесін шешуді қолға алды.
«Біз, қазір «Жастар үйінде» тұратын балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушілері материалдық қиындықтарға тап болып, азық-түлікпен қамтамасыз етуді қажет ететінін білдік. Дереу демеушілерді іздеуде көмек көрсетілді, олар 30 қыз бен ұлды қажетті тамақпен қамтамасыз етті. Жауап ретінде біз жастардың алғысы мен жағымды эмоциясын алдық. Қоғам үшін қиын уақытта біз көмекке мұқтаж адамдарға жақын болуымыз керек», – деді Әуезов аудандық Полиция басқармасының басшысы Әлішер Тұрсынбетов.