43 блок-бекетте тәулік бойы полиция мен дәрігерлер кезекшілік етіп келеді
Солтүстік Қазақстан облысында 400-ден астам полиция және медицина қызметкерлері 43 блок-бекетте тәулік бойы кезекшілік етіп келеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгінгі таңда СҚО-да қауіпті инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында 43 блок-бекет жұмыс істеп жатыр. Олардың бесеуі – Петропавлда, басқалары – облыс аудандарында. Тәулік бойы 400-ден астам полиция және медицина қызметкерлері жұмыс істеді.
Шекаралас Мамлютка қаласынан шығатын жолдарда екі блок-бекет орналастырылған. Олардың әрқайсысында екі полиция қызметкері және екі дәрігер кезекшілік етеді. Барлық санитарлық нормаларға сәйкес дәрігерлер өтіп жатқан жүргізушілердің температурасын өлшейді, полиция қызметкерлері құжаттарды тексереді, жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді.
Мамлют ауданы Полиция бөлімінің басшысы Марат Әлжановтің айтуынша, Мамлют ауданы Бас санитарлық дәрігерінің қаулысымен аудан аумағында карантин енгізілді. Күн сайын полиция қызметкерлері орталық аудандық аурухананың дәрігерлерімен бірге бірқатар шараларды жүргізеді.
Біздің ортақ мақсатымыз – коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу. Бүгінгі таңда ауданда екі блок-бекет пен бір карантиндік бекет жұмыс істеп жатыр. Мамлютка қаласына себепсіз кіруге және шығуға тыйым салынған. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері үй жағдайында карантинде отырған тұлғаларды күн сайынғы бақылауға алды.
Блок-бекет қызметкерлері автотехника, прожекторлар, жеке қорғаныс құралдары сияқты барлық қажетті заттармен жабдықталған. Олардың басты міндеті – инфекцияның таралуына жол бермеу, көліктердің блок-бекеттерден өтуін тек рұқсат беретін құжаттар арқылы жүзеге асыру. Көшелерді патрульдейтін полицейлер ерекше режимде жұмыс істеп жатыр.
СҚО ПД бастығыныяң бірінші орынбасары Қанат Айтбаев айтып өткендей, осындай шаралар облыстың барлық аудандарында жүргізіліп жатыр.
Бүгінгі таңда солтүстікқазақстандық 43 блок-бекеттерде 248 полиция және 150 медицина қызметкері кезекшілік етеді. Соңғы тәулікте облыста төтенше жағдай режимінің 18 бұзушылығы анықталды, олардың алтауы облыс орталығында және 12-сі аудандарда орын алды. Полиция департаменті азаматтардан карантинге байланысты барлық шектеулерге түсіністікпен қарауды, өздерінің және жақындарының денсаулығына абай болуды және жеке бастың гигиенасын қатаң сақтауды сұрайды.