Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық тұрғын марихуананы сіріңке қорабымен өткізбек болды

Кептірілген марихуананы сіріңкенің бірнеше қорабына салып өткізбек болған Түркістан облысының тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде, Шымкент қаласы Қаратау ауданының аумағында Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жалпы салмағы 11,67 грамм 24000 теңге тұратын «кептірілген марихуананы» үш сіріңке қорабына салып, өткізгені үшін Түркістан облысының тұрғыны ұсталды.

Осыған байланысты ҚР ҚК 297-бабының 1-бөлігі, яғни есірткі заттарын заңсыз сақтау және өткізу, бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру