Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция қызметкерлері 90 жыл бұрын күрескендей, вирусқа қарсы тұруда

Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті музейіндегі материалдар арасында өткен жүзжылдықтың 30 жылдарындағы жедел мәлімет сақталған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Материалға сүйенсек, сол кезде тәртіп сақшылары инфекциялық аурулардың таралуына қарсы күрескен. Сол жылдары халықты қырған – сүзек індеті болды. Мәселен, 1933 жылдың 28 қарашасы күні ғана сүзекке қарсы күрес бойынша профилактикалық іс-шаралар нәтижесінде санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін 28 хаттама толтырылған. Әсіресе, кейбір азаматтарды мәжбүрлі түрде жіберген моншалардың жұмысына ерекше көңіл бөлінді. Күн сайын милиция бастығы профилактикалық іс-шаралар жөнінде қалалық кеңеске баяндап тұрған. “Сүзек ауруын анықтау және антисанитарлық жағдайды жою мақсатында иеліктеріндегі 150 үй – тексерілді, 226 адам – моншаға жіберілді, 3 – ауру адам анықталды, санитарлық нормаларды сақтамағаны үшін 14 хаттама толтырылды”, – 1933 жылғы 25 қарашадағы мәлімет. Медицина және милиция қызметкерлері бірлесе жұмыс істеудің арқасында аты жаман індетті жеңіп шықты.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлерінің соңғы айлардағы жұмыс тәжірибесі көрсеткендей, коронавирус инфекциясының таралуы кезеңінде де тәртіп сақшыларына зор жүк артылған.

Ауырып қалғандар анықталған жағдайда полиция қызметкерлері қарым-қатынас жасаған адамдарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізеді, бұл ретте олардың тарапынан ТЖ режимін бұзушылықтарға жол бермеуі қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, полиция қызметкерлері обсервациялық стационарларға жақын аумақтардағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарады. Учаскелік полиция инспекторларының күшімен коронавирус инфекциясының таралу ошағы аумағын күзету қамтамасыз етіледі. Петропавлда шектеу және карантиндік шаралардың енгізілуімен көшелер мен аулаларды патрульдеу күшейтілген. Күн сайын 600 астам полиция қызметкерлері, ҰҰ Әскери институтының әскери қызметшілері мен курсанттары қызметке түседі. Бұл әрекеттердің барлығы қауіпті індеттің таралып кетпеуіне бағытталған.

“16 наурыздан Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 500 бұзушылық анықталды. Полицейлер өңірде құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп, ерекше режимде жұмыс істеуде, карантин режимін сақтауға шаралар қабылдауда. Облыста 13 санитарлық және 44 блокбекет қойылды. Орнатылған блокбекеттерге күн сайын құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 250 полиция қызметкері, сондай-ақ 150 астам ветеринария мамандары мен медицина қызметкерлері қызметке түседі”, – дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру