Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖ қызметкерлері соғыс және еңбек ардагерін құттықтады

Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/16 мекемесінің қызметкерлері Ұлы отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай соғыс және еңбек ардагерін құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Соғыс және еңбек ардагері Нұрғали Ысқақовты ҚАЖ департаментіне қарасты ЛА-155/16 мекемесінің қызметкерлері мерекемен құттықтап, азық-түлік жеткізді. Өз кезегінде қызметкерлер атамызға ізгі тілектерін жеткізіп, соғыс жылдарындағы ерен еңбегі үшін алғысын білдірді.

Ысқақов Нұрғали 1927 жылы Алматы облысы Андреев ауданы Екпінді ауылында дүниеге келген. Сұрапыл соғыс жылдары тыл майданында еңбек етіп, жеңіске зор үлесінін қосқан.

 

Алғаш еңбек жолын 1943-1946 жылға дейін қатардағы колхозшы болып, 1946-1950 жылға дейін колхозда бригада учетчигі болып, 1950-1953 жылға дейін өндіріс бригадасының бригадирі. 1953-1957 жылдар аралығында Алматы облысы, Талғар ауылшаруашылық техникумының жанындағы колхоз басқармаларын дайындайтын мектебін бітіріп, агроном мамандығын алып шықты, содан кейін «30 жылдық Қазақстан» колхозында агроном болды. 1953-1960 жылдары бас зоотехник болды, 1960-1964 жылдары қой фермасының меңгерушісі болды. 1964-1987 жылға дейін партия ұйымы комитетінің хатшысы болды. Мәскеудің Алматыдағы 5 жылдық жоғары партия мектебін сырттай оқып, 1973 жылы бітірді. Осы еңбектері үшін Қазақ ССР-і жоғарғы советінің «Құрмет грамотасымен», «Еңбек қызылту» орденімен, 1941-1945 жылғы «Еңбектегі ерлігі» медалімен марапатталды. Ұлы отан соғысының 20,30,40,50,60 жылдық медалімен, «Еңбек ардагері» медалімен марапатталған.

Соғыс және еңбек ардагері, Алакөл ауданының құрметті азаматы. Ардагеріміз үшін ең үлкен марапат оның отбасы болды. Жұбайы Күләшпен отауласып, алты бала,13 немере, 10 шөбере сүйіп отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру