Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мерекелік онлайн-концерт өтті

9 мамыр Жеңіс күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ОВ-156/16 мекемесінің ішкі істер органдарының ардагерлері Ұлы Отан соғысы кезіндегі тыл қызметкерлеріне мерекелік онлайн концерт ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мекеме қызметкерлері зейнеткерлерді құттықтап, соғыс жылдарындағы ең танымал әндердің попурриін орындады.


Карантиндік шектеулерге байланысты, бұл әндерді орындау онлайн режимде ұйымдастырылды. Ардагерлерге концерт болатыны туралы алдын ала хабарланды, туыстары WhatsApp арқылы байланысқа шықты. Зейнеткерлер үшін бұл концерт күтпеген және жағымды тосынсый болды.


Мекеме қызметкерлері аға буын арасында танымал «Смуглянка», «Катюша» әндерін және «Жеңіс күні» салтанатты туындыларын шырқады. Музыкалық композицияны орындаушылар кәсіби әншілер болған жоқ, бұл мекемедегі сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының аға инспекторы және бақылаушылар қызметі бөлімінің қызметкерлері ат салысты.


Соғыс уақытының ауыртпашылықтарына тап болған сегіз жасар қыз Мария Андреевна өзінің әкесі мен ағасын майданға алып кеткен кезде тағы екі кіші апа-қарындасын тәрбиелеуге және тамақтандыруға анасына көмектесті. Мария Андреевна – Ұлы Отан соғысы кезіндегі тыл қызметкерлері деп аталатын адамдар санатының өкілі.

Танымал ән «Үлкен елім жинал, ажал соғысына шық» сөзінен басталады. Бұл ән ештеңеге қарамастан, біздің халқымыз бірыңғай болуы тиіс, кез келген жағдайда біз біргеміз деген мағынаны білдіреді .Сол жылдары бала болған мен бірыңғай кеңес халқының қатарында болдым.
Енді елімізде соғыс, қайғы-қасірет, өлім, болмасын, – деді ардагер.

Адамдар бейбітшілік өмірде тек адал еңбектері, құрметтері үшін марапатталсын. Майдан және тыл ардагерлері соғыс кезінде өткізген өмірлеріңіз бен денсаулықтарыңыз үшін сіздерге мың алғыс!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру