Заңсыз балық аулаған тұрғындар құрықталды
Түркістан облысында төтенше жағдай аумағында заңсыз балық аулаған тұрғындарды Ұлттық ұлан жауынгерлері құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
6 мамыр сағат түнгі сағат 01:30 шамасында Түркістан облысы Мақтаарал ауданы Өргебас ауылында төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарып жатқан Ұлттық ұлан жауынгерлері заңсыз балық ұстаған тұрғындарды қолға түсірді.
Ауыл маңында тосқауыл қызметінде тұрған әскери жасақ басшысы Қуаныш Дүйсенбі және патрульші БақдәулетЖалмағанбетов қастарына келген көлікті тоқтатады. Осыған дейін, Өргес ауылында заңсыз балық аулаушылар жүруі мүмкін дейтін ақпарат келген болатын. Ұландық жауынгерлер «OPEL» маркілі автокөлікті тоқтады.
Тексеру барысында көлік ішіндегі адамдар «Біз волонтерміз» деп сөзден жалтармақшы болды. Кейін жүргізуші ашуланып, айқайға басады. Ұландық жауынгерлер көліктің жүк қоймасын ашқызады. Сол кезде түнделетіп жүрген жолаушылардың құйтырқы ойы анықталады.
Тексеру нәтижесінде көліктен екі қапшық қызыл кітапқа енген астра балығы, резінке қайық, ұзындығы 50 метрді құрайтын балық аулауға арналаған ау табылады.
Әскери жасақ қолға түскен броконьерлерді полиция қызметкерлеріне тапсырады. Осылайша, төтенше жағдайды пайдаланып заңсыз табысқа ие болғысы келген азаматтарды құрықтау арқылы, ұландық жауынгерлер құқықтық тәртіпті қамтамсыз етуге өз үлестерін қосты.