Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері 20 ардагерді құттықтады

Алматы қаласы бойынша ҚАЖ қызметкерлері 20 ардагерді құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Алматы қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген және еңбек майданына қатысқан 20 ардагерді құттықтады.

Олардың ішінде 1935 жылы туылған Виктор Купраненковты құттықтап қайтты.

Ширек ғасырдан астам уақыт ішкі істер органында, оның ішінде қылмыстық-атқару саласында бірқатар лауазымды қызметтер атқарған Виктор  Купраненковты құттықтаған ҚАЖД ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Сағалбаев ардагер әріптестерінің өмірі кейінгі толқын ұрпаққа зор өнеге екенін атап өтті.

 В.К. Купраненков Украинаның Днепропетровск қаласында туған.

«Мен 1955 жылы Отан алдындағы борышымды Киев қаласының маңындағы Белый церковь деген жерде өтедім. Сол жерден бізді 1956 жылы Венгрияда болған контрреволюциялық бүлікті басуға әкелді. 2-гвардиялық механикаландырылған дивизияның құрамындағы гвардиялық артиллерия полкында  болдым. Біздің полк Будапешт қаласының маңында орналасқан болатын», – деп еске алады ардагер.  

Ардагерлерге азық – түлік жинағы мен ақшалай сомма тарту етілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру