Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кәсіпкерлік нысандарды бақылау жұмыстары жүргізілді

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов пен облыстық ПД басшысының бірінші орынбасары Қанат Әлиев бірқатар кәсіпкерлік нысандарын аралады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе қаласында 1-4 мамырда карантиндік режимді жеңілдетудің бірінші және екінші кезеңі аясында бірқатар кәсіпкерлік нысандарының қызметі рұқсат етілді. Алайда, жұмысты қайта бастауға рұқсат алу үшін кәсіпкерлер бірқатар санитарлық талаптарды сақтауға міндетті болатын.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов пен облыстық ПД басшысының бірінші орынбасары Қанат Әлиев, сондайақ қоғамдық кеңес мүшесі Марат Қойлыбаев вокзал маңындағы алаңда бірқатар кәсіпкерлік нысандарын дүкендерді, шаштараздарды аралап, олардың қажетті талаптарға сәйкестігін тексерді.

Содан кейін Орталық базарында болып, көшеттерді сату нүктелерінің жұмысын тексерді.

Кәсіпкерлердің жұмысындағы барлық кемшіліктер бойынша бұзушылықтарды жою жөнінде ескертулер берілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру