Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәртіп бұзуға бейім 85 сотталған анықталды

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесіне департаментіне қарасты Жетісу аудандық пробация қызметінің қызметкерлері сотталғандармен профилактикалық жұмыстар өткізуде, – деп хабарлайды  Polisia.kz.

Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесіне департаментіне қарасты Жетісу аудандық пробация қызметінің қызметкерлері есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыруда жергілікті әкімдікпен бірлескен жұмыстарды ұтымды ұйымдастыруда.

Жуырда олар сотталғандарды қала үйлерінің аулаларын тәртіпке келтіру және шағын гүлзарларды күтіп-баптау сияқты еркінен тыс жұмыстарға тартты.

Сотталғандарды еркінен тыс жұмыстарға тарту тұрақты жұмысы бар азаматтарға және жас баласы бар аналарға, зейнет жасындағыларға қолданылмайды.

Сонымен қатар аудандық пробация қызметінің қызметкерлері Жетісу аудандық Полиция басқармасымен бірлесе отырып, қоғамнан оқшауламайтын жазаға кесілген сотталғандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын өткізді.

Аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған 396 сотталғанның ішінде 180 сотталғанның тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргізілді және олармен тәрбиелік сипаттағы әңгімелесулер өткізілді.

Тексеру барысында 19 адамның жаза өтеу тәртібін бұзғаны анықталып, үш адамның бас бостандығын шектеу жазасын бос бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы материал сотқа жіберілді.

Сонымен қатар тәртіп бұзуға бейім 85 сотталған анықталды. “Учаске” жедел – алдын алу шарасының аясында өткізілген тексеру жұмыстары желтоқсан айына дейін жалғасатын болады.

– Пробация есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетумен қатар оларды жұмысқа орналастыру мәселесі де тұрақты түрде талқыланып отырады. Бұндай игі шара Алматы қаласындағы Жетісу аудандық халыққа қызмет көрсету орталығымен бірге жүргізіледі. Пробациялық бақылауда тұратын сотталғандар негізінен өзін-өзі еңбекпен қамтамасыз етіп отырғандар. Сондай-ақ біразы “Агро-Алель” құс фабрикасында және “Еңбек-Тас” кәсіпорнында жұмыс істейді, – дейді Жетісу аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Гүлнұр Душева.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру