Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай полицейлері ұрланған заттарды иесіне қайтарды

Қостанайда ұрланған ұялы телефон мен алтын бұйым иесіне қайтарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Федоров ауданының полицейлері ұрланған ұялы телефон мен алтын бұйымды  ауыл тұрғынына қайтарып берді.

9 қазанда Пешков ауылының тұрғыны полицияға үйінен ұялы телефон мен алтын сақина ұрланғаны туралы хабарлаған.

Әйел адам полицейлерге өзінің күндіз үйде болмағанын, үйіне қайтып оралғанда есіктің сынғанын, бөлмелерді тексеріп,  бағалы бұйымдарының жоғалғанын байқағанын айтқан.

Тәртіп сақшылары оқиға орнына тексеру жүргізіп, күдіктіні саусақ іздері арқылы анықтады.

Жедел – іздестіру іс-шаралары барысында күдікті бір тәулік ішінде Қостанай қаласында ұсталды.

Ол аталған ауылдың 39 жастағы тұрғыны болып шықты.  Күдікті сақинаны облыс орталығындағы ломбардқа тапсырып үлгерген.

Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ұрланған бұйымдары өзіне қайтарылған Т.Шмидт полицейлерге алғысын білдірді.

Сіздердің жұмыстарыңыз үшін ризашылығымды білдіргім келеді. Ауданымызда қызмет атқарып жүрген полиция қызметкерлері Евгения Завгородней, Әлібек Сейітов, Қайрат Сәкенов, Марат Қазанғаповтың кәсіби шеберліктеріне көзім жетті. Полицейлер қысқа мерзімде ұрланған заттарымды қайтарып берді, – деп атап өтті жәбірленуші Т.Шмидт.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру