Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда қала тұрғыны көпірден секірген жас қызды ажалдан құтқарды

Павлодар облысында қала тұрғыны көпірден секірген жас қызды ажалдан арашалады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 қазанда Павлодар қаласы ПБ Оңтүстік полиция бөлімінің бастығы Аршат Есмақаев қала тұрғыны Музычка Анжела Геннадьевнаға көпірден секірген қызды құтқару кезінде батыл шешім қабылдап, қырағылық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін  ресми түрде грамота табыстады.

Анжела Усолка шағын ауданындағы Ертіс арқылы өтетін көпірдің қасынан өтіп бара жатып, көпірден секіріп кеткен қызды байқап,  өтіп бара жатқан адамдардың көмегімен қызды судан шығарып алған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру