Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық полицейлер қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша шараларды күшейтті

Жыл басынан бері Павлодар қаласының аумағында  алкогольдік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келудің  2 384  фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстардың алдын алу мақсатында Павлодар қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда, оның ішінде аулалар мен подъездерде алкогольдік ішімдіктерді ішу фактілерінің жолын кесу бойынша жұмысты күшейтті.

– Учаскелерді аралау кезінде біз Лермонтов көшесіндегі үйдің ауласында және  аяқ киім жөндеу шеберханасында арақ ішіп отырған адамдар тобын ұстадық, бұдан басқа да алкоголь ішудің 4 фактісін анықтадық, – деді жергілікті полиция қызметінің бастығы Арман Қаптаев.

Құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу)  бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру