Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда демалыс күндері “102” операторлары 1200-ден астам қоңырау қабылдады

Павлодарлық полицейлер бір күнде 1200-ден астам шақыртуға қызмет көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Демалыс күндері полиция қызметкерлері “102” операторларына келіп түскен 1258 қоңырауға қызмет көрсетті, оның 200 фактісі аулаларда алкогольдік ішімдіктерді ішу, 105 фактісі отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар және 40 фактісі түнгі уақытта тыныштықты бұзу  болып табылады – деді Жедел басқару орталығының бастығы Тимур Шәудіров.

Полиция қызметкерлері қабылдаған шаралардың нәтижесінде 100-ден астам адам уақытша бейімдеу және детоксикациялау орталығына орналастырылды, 80 адамға  қатысты әкімшілік хаттамалар тотырылып, олардың  әрқайсысына қатысты бес айлық есептік көрсеткіш  мөлшерінде айыппұл салынды. Тыныштықты бұзғаны үшін тағы 30 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру