Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте мектеп маңында рейд ұйымдастырылды

Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары рейдтік профилактикалық жұмыстар жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірлескен топ құрамында Еңбекші ауданы әкімшілігінің өкілдері, №40 Алпамыс батыр атындағы мектеп-гимназиясының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және басқармасының ювеналды полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары бар. Сала қызметкерлері Алпамыс батыр атындағы №40 мектеп-гимназиясы маңында орналасқан дүкендерді, сауда қатарларын, ойынханаларды аралап, жасөспірімдерге темекі және спирттік ішімдіктерді сатпау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Заңда белгіленген талаптарды орындамайтын азаматтар заң аясында әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтыратынын жеткізді. Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру