Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда полицейлер қалта ұрысын ұстады

Талдықорған қаласының полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде  бір ай көлемінде жасалған жеті қалта ұрлығына қатысы бар деген күдікпен, бұрын есірткі  пайдалану және сақтау, алаяқтық, ұрлық деректері үшін он тоғыз рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған, сонымен қатар бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін екі рет сотталған Алматы облысы Ескелді ауданы Қарабұлақ кентінің  тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Ер адам бас бостандығынан айыру орындарынан соңғы рет 2009 жылы  босап шыққан. Тәртіп сақшылары оны бақылап, ұрланған әмияндар мен ұялы телефондарды саудалайтын орындарды анықтады. Сонымен қатар, ол ұрлық жасау кезінде бейнекамера объективіне түсіп қалған. Полицейлер күдіктіні бұлтартпас дәлелдермен әшкерелегеннен кейін, ұсталған адам өз әрекеттерін мойындады. Кешенді жұмыс нәтижесінде алыпсатарлардан алынған алты ұялы телефон мен ерекше белгілері бар әмиян заңды иелеріне қайтарылды”,- дейді Талдықорған қаласының ПБ бастығы Асқар Нұрсапа.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігі 2-тармағы (Ұрлық) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, ол  уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ұсталған адамның басқа да осыған ұқсас ашылмаған қылмыстарға қатыстылығын тексеру жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру