Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Серік Кудебаев азаматтармен онлайн эфир өткізді

Серік Кудебаев азаматтармен кезекті тікелей эфирін өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылғы 16 қазан күні сағат 10.00-де Полиция департаментінің “Instagram” әлеуметтік желісіндегі  @police_almobl ресми парақшасында Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Серік Мырзақұлұлы Кудебаевтың азаматтарды онлайн режимде қабылдауы өтті.

“Күн сайын бөлімше басшыларының жаңа аккаунттары ашылып, азаматтармен қарым-қатынастың бұл түрі жетілдірілуде. Әлемдік пандемия онлайн іс – қимылдың халықпен өзара қарым-қатынас жасауда тиімді әрі ыңғайлы екенін көрсетті. Бүгін мен полицияның облыс тұрғындарымен кезекті диалогын онлайн режимінде өткіздім. Біз азаматтарымыздың проблемалары мен өтініштерін бірінші болып естіп, оларға жедел ден қоямыз. Бізде мәселелерді “керекті” және “керексіз”, “өзекті” және “өзекті емес” деп бөлу жоқ, өйткені диалог ашық және тікелей эфирде жүргізіледі. Эфирге қатысушы жауап ала алмаған бірде-бір сұрақ болған жоқ. Әрине, оларды шешуде уақытты қажет ететін мәселелер бар, бірақ олар менің жеке бақылауымда”,-деп хабарлады Алматы облысының ПД бастығы  Серік Кудебаев.

Шамамен төрт сағатқа созылған эфир кезінде 200-ден астам сұрақ қойылып, 3000 интернет пайдаланушысы тікелей эфирді тамашалады.

“Сонымен қатар менің тапсырмам бойынша сәрсенбі күні сағат 10.00-де аудандық және қалалық басқармалардың бастықтары халықпен дәл осындай тікелей эфир өткізеді. Егер сіз аудан тұрғыны болсаңыз және ішкі істер органдарына қатысты  сұрақтарыңыз болса, оларды тікелей басшыларға қойып, олардан толық жауап ала аласыз. Белсенді азаматтық қоғамның көмегімен ғана біз бірлесіп, мінсіз құқықтық мемлекет құра алатынымызға сенімдімін”,- деп толықтырды Полиция департаментінің бастығы.

 

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру