Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында бұрын екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған адам бопсалаумен айналысқан

Алматы облысының полицейлері бопсалау фактісі бойынша күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы облысының ПД Криминалдық полиция басқармасына Талдықорған қаласының 25 жастағы тұрғыны атын ғана білетін бейтаныс адамның зорлық-зомбылықпен қорқытып,  қомақты ақша талап еткені туралы хабарлаған.

Аталған дерек ҚР ҚК 194-бабының 1-бөлігі (Қорқытып алу) бойынша тіркелді.

Облыс орталығындағы Назарбаев – Ақын Сара көшелерінің қиылысында өткізілген арнайы операция барысында криминалдық полиция қызметкерлері арнайы жасақтың жауынгерлерімен бірлесе отырып, бұрын бопсалау және тонау үшін екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған Талдықорған қаласының 26 жастағы тұрғынын ұстады.

Полиция қызметкерлері оқиға орнынан күдіктінің жәбірленушіден алған ақша қаражатын тәркіледі және ол қылмыс жасағанын мойындады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру