Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есірткі сақтағаны үшін сотталған азамат салауатты өмір салтын ұстануға шақырады

Шығыс Қазақстан облысында есірткі затын сақтағаны үшін сотталған азамат өзінің туып-өскен ауданының жастарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жарма ауданының әкімшілігі және пробация қызметінің қызметкерлері жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың жолын кесу және қылмыстың алдын алу мақсатында аудан жастарының қатысуымен кездесу ұйымдастырды.

Кездесу барысында пробация қызметінің есебінде тұрған 28 жастағы сотталған азамат өз қателігін мойындап, өмір сабақтары туралы әңгіме айтты, сондай-ақ жастарды оқу-білімге құмар болуға, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

“23 жасымда есірткі сақтағаным үшін сегіз жылға сотталдым, өмірімнің бес жылын түрмеде өткердім, жазамның қалған бөлігін пробация қызметінің бақылауында өтейтін боламын. Жастық шағымды темір тордың арғы жағында өткергеніме қатты өкінемін, менің қателіктерімнің жастарға сабақ болғанын қалаймын. Сотталған деген сөздің салмағы да ауыр, сондықтан өмірде дұрыс жол табуға тырысу керек, – деді пробация бақылауындағы Жасұлан.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру