Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада кезекті пәтер ұрлығы ашылды

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Тасбөгет полиция бөлімінің қызметкерлері  пәтер ұрлығын жасаған күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.          

13 қазанда Қызылорда ҚПБ кезекші бөліміне белгісіз біреудің жеке үйінің пластикалық терезесін ашып кіріп, 300 мың теңгеден астам ақшасын ұрлағаны туралы жергілікті тұрғын арызданған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында осы қылмысты жәбірленушінің үйінде тұратын туысы жасағаны анықталды.

Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 1-бөлігіне (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру

Электрондық почтаңыз жария етілмейді.