Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қылмыстық-атқару жүйесінің жас мамандары қарттарға қамқорлық көрсетуде

Шығыс Қазақстан облысында ҚАЖД қызметкерлері “Ардагерлерге қамқор болайық” атты іс – шара өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО бойынша Қылмыстық – атқару жүйесі департаментінің ОВ – 156/1 мекемесінің жас қызметкерлері “Ардагерлерге қамқор болайық” атты іс-шара ұйымдастырды.

Мекеменің жас қызметкерлері осы іс  – шара аясында қарт ардагерлерге  сый –  сияпаттарын ұсынып,  батасын алып қайтты.

“Біз мекеме қызметкерлерімен ардагерлерімізге азық – түлік, дәрі – дәрмектермен көмектесіп, хал – жағдайларын білуді жөн көрдік. Қазақ қашанда үлкенге құрметпен қараған. Ардагерлеріміздің берген бағыт-бағдары жас мамандар үшін өте маңызды. Бүгін  біз 10  ардагерді қамтыдық. Алдағы уақытта осы іс – шарамызды әрі қарай жалғастыратын боламыз”, – деді  мекеме бастығы Қанат Жүсіпов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру