Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қаласының полицейлері мас жүргізушілермен күресті жалғастыруда

Алматы полицейлері мас жүргізушілермен күресті жалғастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін жазаны күшейту шаралары қабылданды. Алайда, кейбір жауапсыз жүргізушілер әлі де заңды бұзуда. Алматыда жыл басынан бері мас күйінде көлік жүргізгені үшін 1 мыңнан астам автокөлік жүргізушісі ұсталды. Сот шешімі бойынша олардың барлығы кемінде жеті жылға көлік жүргізу құқығын беретін куәліктерінен айырылды және әкімшілік қамауға алынды”, – деді Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Ж.Мұраталиев.

Мысалы, жақында  патрульдік полиция қызметкерлері мас күйінде автомашина басқарған жүргізушіні ұстады. Ұсталған азамат достарымен кездесу барысында сыра ішкеннен кейін, көлік рөліне отырған.

“Қаланың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен аталған жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 30 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Сонымен қатар, әрбір жүргізуші “Мас жүргізуші – қылмыскер” деген аксиоманы ұстануы тиіс. Қазіргі таңда қала жолдарында полицияның патрульдеуі күшейтілгенін атап өткім келеді. Мас жүргізушілерді анықтау бойынша рейдтер жалғасуда”, – деп қорытындылады полковник Мұраталиев.

 

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру