Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер Қазақстанның Құрметті журналисін құттықтады

Алматы облысының полицейлері ҰОС ардагері – Қазақстанның құрметті журналисін мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Егембердиев Каис Егембердиевич – соғыс және еңбек ардагері, Алматы облысының Құрметті азаматы, Қазақстанның құрметті журналисі.»Қызыл жұлдыз» және «ІІ дәрежелі Отан соғысы» ордендерімен, сондай-ақ журналистика саласындағы еңбегі үшін көптеген медальдармен марапатталған. Соғыс аяқталғаннан кейін 1950 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түседі. 1954 жылдан бастап «Социалистік Қазақстан», «Егемен Қазақстан» газеттерінің редакциясында 16 жыл қарапайым тілшіден басылым бас редакторына дейінгі қызметтерді атқарады. 1970 жылдан бастап 1984 жылға дейін «Октябрь Туы» газетінің бас редакторы болып жұмыс істейді.


Қазіргі уақытта Каис ата республикамыздың еңбек сіңірген зейнеткері. Ұлы Отан соғысының 75 жылдығын мерекелеу құрметіне орай Алматы облысы ПД Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының басшылығы Ұлы Отан соғысының ардагері Каис Егембердиевті құттықтап қайтты. Басқарма басшысы Еділ Тлеуберлинов ардагерді құттықтап, оған денсаулық пен ұзақ өмір тіледі. Ардагер полиция қызметкерлеріне өмірлік тарихын айтып берді.


Каис Егембердиев 1924 жылы 17 наурызда Қызылорда облысы, Яникорган ауданы, Бірлік ауылында колхозш ы отбасында дүниеге келген. Жеті жылдық мектепті тәмамдаған.1943 жылы тамыз айында майданға шақырылып, пулеметші және одан кейін қарудың командирі болған (93 мм гаубица). Үшінші Белорус, Екінші Балтық жағалауы майданында соғысқан.


Латвия мен Рига қаласын азат етуге қатысқан және өзі жеке Зеңбірек командирі ретінде Риганы азат еткен, үш рет жараланған.


Қазір уақытта ақсақал жеті бала, 12 немере және 10 шөбере тәрбиелеп отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру