Бірнеше дүкенге түскен ұрылардың ісі әшкере болды
Қарағанды облысының Саран қаласында бірнеше дүкенді тонап үлгерген қылмыстық топтың ісі әшкере болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мамырдың 9-на қараған түні белгісіз біреулер үлкен сауда үйінің терезесін бұзып кіріп, зат ұрламақ болған. Бір нүктеден ешқандай нәтиже шықпағасын, басқа дүкеннің пластик терезесін шағып, ішінен 68 мың теңгенің заттарын үптеп кеткен.
Саран қаласының патрульдік полиция қызметкерлері тез әрекетке көшіп, бір мезетте жасалған бірнеше қылмыстың ізін суытпай ашты. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр.