Мас жүргізушілер саны азаймай тұр
Ақтөбе облысында көлік басқару құқығынан айырыла тұра, мас күйде рөлге отырған жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жүргізушілермен үнемі рейдтермен түсіндірме жұмыстарын өткізіп тұрады. Бұл іс-шаралар өзінің оң нәтижесін бергенімен, мәселе өкінішке орай қалып отыр.
12 мамыр күні сағат 01.20 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері Жанақоныс ауылының Советская көшесі мен Алматы көшесі қиылысында басқару құқығынан айырылған адам бола тұра мас күйінде көлік құралын басқарған 28 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Газель» (ресейлік есептегі) автокөлігі тоқтатылды.
Сол күні Маметова көшесі мен Әбілхайыр хан даңғылының қиылысында бұрын басқару құқығынан айырылған 35 жастағы есірткі пайдаланған жүргізушінің басқаруындағы «Ваз-21115» маркалы көлік тоқтатылды. Қазіргі уақытта екі жүргізуші де Ақтөбе қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау жүргізушілердің мемлекет белгілеген шектеуді қасақана елемеу болып табылады, бұл ретте жүргізушінің іс-әрекеті тұрғындардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті жүргізушілерге: өз өміріне ғана емес, басқа да жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндірмеуді, ешқашан және ешқандай жағдайда да алкогольдік мас күйінде рөлге отырмауды өтінеді!