Сенімге кіріп, ұрлық жасаған ер адам анықталды
Жезқазғанда бөтеннің телефонын сұрап, ұрлап кеткен ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
10 мамырда Жезқазған қалалық Полиция басқармасына қала тұрғыны хабарласып, белгісіз адам сеніміне кіріп, 60 мың теңге тұратын ұялы телефонын сұрап, кейін қолды қылып кеткендігі туралы арызданған.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлерімен осы іске қатысы бар деген күдікпен 36 жастағы ер адам анықталып, ұсталды.
Ұялы телефон тәркіленіп алынды.
Қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы 1-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.