Мас жүргізушіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Түркістан облысы Түлкібас ауданы полицейлері мас күйде көлік басқарған жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елімізде енгізілген карантинге байланысты күшейтілген кезекті жұмыс күнінің бірінде Түлкібас аудандық полиция бөлімшесіне ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы Қалмұрат Кендирбаевтан хабарлама келіп түсті. Оның айтуынша, кешкі сағат 17:40-тар шамасында Жабағылы ауылында рейдтік іс-шара жүргізіп, қызмет атқару барысында «Volkswagen» маркалы автокөлігін тоқтатқан.
Тексеру кезінде жүргізушінің спирттік ішімдік ішіп алғаны байқалды. Құжаттарын тексеріп қараған кезде, жүргізуші 2017 жылдың қыркүйек айында Түлкібас аудандық сотының шешімімен үш жыл
мерзімге көлік басқару құқығынан айырылғаны белгілі болды. Алайда көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, қайта ішімдік ішіп көлік басқарғаны айқындалды. Медициналық сараптамаға сәйкес, жүргізуші орташа дәрежеде мас халде болған.
Жүргізуші Түлкібас аудандық полиция бөлімшесіне жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы (көлік құралдарын басқару құқығынан
айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) бойынша тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Түлкібас аудандық полиция қызметкерлерінің қызметкерлері күнделікті күшейтілген режимде
қызмет жасап, жол жүру ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Негізгі мақсат – түрлі жол-көлік оқиғаларын болдырмау, оған қоса облысымыздағы коронавирус індетіне байланысты жарияланған карантиннің талаптарын орындау. Яғни, адамдар көп шоғырланбауын, түнгі уақытта себепсіз жүрмеуін бақылауда ұстау.