Су басқан аумақтарға қауіптің алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр
Шымкенттің су басқан кейбір аумақтарына тиісті көмек көрсетіліп, қауіптің алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың мамыр айының 13-нен 14-не қараған түні қатты жауған жауынның салдарынан Бадам өзенінің суы арнасынан асып, Шымкенттің кейбір аумақтарын су басқан болатын. Қазіргі таңда нөсер жауыннан зардап шеккен елді мекен тұрғындарына тиісті көмек көрсетіліп, қауіптің алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
15 мамыр қалыптасқан жағдай бірқалыпты.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері тұрғындардың қауіпсіздігін сақтап, бекітілген аумақта тәулік бойы кезекшілік етіп жатыр.
Жергілікті тұрғындар төтенше жағдай кезінде тиісті шешім қабылдап, қажетті шараларды қолға алған тәртіп сақшыларына алғыстарын білдірді.