Полиция қызметкерлері Өзбекстан азаматтары мінген автобус колоннасына көмекке келді
Ақтөбе облысының аумағында карантиндік режим кезінде полиция қызметкерлері бірнеше рет жолда жүрген адамдарға, соның ішінде қиын жағдайға тап болған шетелдіктерге көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлері Өзбекстан азаматтары мінген автобус колоннасына көмекке келді. Самара-Шымкент тас жолында Қобда ауданы Қобда ауылының жанында Өзбекстан азаматтары мінген екі автобус бұзылды. 549 жолаушысы бар 11 автобус Ресей Федерациясынан Батыс
Қазақстан арқылы, кейін Ақтөбе облысынан Өзбекстан Республикасына жолға шыққан. Барлық автобустарда Өзбекстан азаматтары бар.
Ақтөбелік полиция қызметкерлері шетел азаматтарына көмек көрсетті.
Полиция қызметкерлері бұзылған автобустарды жөндеуге көмектесіп, жолаушылар үшін су және тамақпен қамтамасыз етті. Қиын жағдайға тап болған Өзбекстан азаматтары мен автобус жүргізушісі полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмектері үшін ризашылықтарын білдірді.
Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін 11 автобустың колоннасы әрі
қарай жолға шықты.