Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда жас жарымдағы сәби жоғалып кетті

20 мамыр күні үйінен шығып, із-түзсіз кеткен 1,5 жасар Әлиді Атырауда полиция іздеп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бала үйден түскі 1 жарымдар шамасында шығып кеткен. «Жұлдыз» мөлтек ауданындағы №57 үйден сыртқа шыққан бала қайтып оралмапты. Оң аяғын сілтіп басады екен. 

Сәбиді іздеу жұмыстары кешеден бері жалғасып жатыр. Бүгін таңғы сағат 06.30-дан бастап көмекке келген қала азаматтары мен жақын маңдағы аудандардың 400-ге жуық тұрғыны, еріктілер мен ұлттық ұланның 50 сарбазы, полицияның 100-ден астам, Төтенше жағдайлар департаментінің 16 қызметкері қызметтік иттерді пайдаланып, 50-ден астам көше мен жақын маңды түгелдей шарлап шықты.


Мамандар кешеден бері үш дронды да іске қосты.

Жергілікті полиция баланы көрген-білген адамға «102» телефонына хабар беруін сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру