ХҚКО мен eGov автокөліктерді тіркеу 3 сағатқа тоқтайды
26 мамырда құқыққорғау органдарының ақпараттық жүйелерінде (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) жоспардан тыс профилактикалық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты сағат 9.00-ден
12.30-ға дейін еліміздің барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және «Электронды үкімет» порталында көлікті тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету тоқтатылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ІІМ-нің Әкімшілік полиция комитеті келтірілген жайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.
Профилактикалық жұмыстар аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызмет көрсету штатты түрде жанданатын болады.