Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Дүкендер мен дәмханаларда тексеріс жүргізіліп жатыр

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер мен санитарлық бақылау мамандары дүкендер мен дәмханаларға тексеріс жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды сақтау бойынша рейд жалғасты. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бірлескен тобы полицейлермен бірлесе дүкендерді, кеңселерді, бюролар мен қызмет көрсету жөніндегі салондарды тексереді. Карантин іс-шараларының жалғасуы аясында санитарлық бақылау мамандары мен учаскелік инспекторлар он шақты топқа бөлініп, адамдардың жаппай жиналатын орындарды кенеттен тексеру жүргізеді.

Рейдтің басты мақсаты – санитарлық нормаларды сақтау қажеттілігі жайлы түсіндіру жұмыстары болып табылады. Полицейлер мен медицина қызметкерлері түсіндіру жұмысын белсенді түрде жүргізіп жатыр.

Әлеуметтік арақашықтықты сақтау, санитайзерлерді қолдану, бетперде тағып жүру – үй-жайда мұның бәрі орындауға міндетті талаптар. Тексерушілер бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысындағы ережелерді түсіндірді. Барлық тексерілген объектілерде дезинфекция режимі үшін жағдай жасалған, қолды тазартуға арналған антисептиктер бар. Сатушылар мен ресепш әкімшілерінің айтуынша, сатып алушылар мен клиенттер санитайзерлерді пайдалану, арақашықты сақтауға және бетперделерді тағып жүруге салғырт қарайды.

Петропавл қалалық полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллиннің айтуынша, ведомствоаралық рейдтің үш күнінде 97 кәсіпкерлік объектісі тексерілді. Патрульдік полицейлер 47 қоғамдық көлікті тексерген. Барлық кәсіпкерлік түрлерінің басшыларымен профилактикалық әңгімелер өткізіліп, бар кемшіліктерді жою атап көрсетілді, әкімшілік жауапкершілік туралы ескертілді. Бірлескен санитарлық рейдтер барлық сауда, қоғамдық тамақтану және қызмет көрсету объектілері бойынша жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру