Үш жасар қыз базарда анасын жоғалтып алды
27 мамыр шамамен таңғы сағат 10.30-да Сарыағаш қаласындағы орталық базарлардың бірінде Сарыағаш АПБ ЖПҚ ювеналдық полиция тобының учаскелік инспекторы Майра Елемесова жалғыз өзі адасып, жылап жүрген кішкентай қызды байқаған. Полицей үш жасар қыздан оның ата-анасы қайда екенін сұрай бастайды, содан кейін адасқан қызмен бірге оларды іздеуге шықты.