Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Науқас әйел аялдамада түнеген

Қарағандыда аялдамаға түнеген науқас әйелді полицейлер ауруханаға жеткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 мамыр күні “Instagram” әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу барысында Қарағанды ​​облысының Полиция департаментінің қызметкерлері ​​көшеде түнеуге мәжбүр болған науқас әйел туралы жарияланымды анықтаған. Оның туыстарының және тұратын жерінің жоқтығы хабарланған. Бұған дейін қатерлі аурумен ауырған әйел Саран қалалық ауруханасында емделген. 25 мамыр күні кешке ол Қарағандыға келіп, Сәкен Сейфуллин көшесінің бойындағы аялдамада түнеуге мәжбүр болды. Әйелдің артық салмағы болғандықтан, ол әрең қозғалады.

Полицейлер бұған жедел әрекет етті. Аталған аялдамаға Қарағанды ​​қаласының Полиция басқармасы Михайлов полиция бөлімінің қызметкерлері келді. Олар сол жерде 57 жастағы қала тұрғынын көріп, полиция бөліміне жеткізді. Анықталғандай, әйелдің ауыр науқастан зардап шегетіні белгілі болды. Оның көмек көрсететін ешкімі болмағандықтан, қажетті медициналық мекемеге бара алмаған. Полицейлер медицина қызметкерлерімен бірге әйелге көмектесті. Қазіргі уақытта ол облыстық клиникалық ауруханаға жатқызылды, палатаға орналастырылды.

Дәрігерлер оның ауруының дәрежесі мен ауырлығын анықтайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру