Қазақстан қарасораны өндірістік мақсатта қолдануға қаншалықты құлықты?
ҚР Ішкі істер министрлігі Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің басшысы Берікхан Нұрғалиев ведомствоның Instagram-дағы парақшасында онлайн-брифинг өткізіп, әлеуметтік желілер мен БАҚ-та жиі жарияланып жүрген қылмыстар туралы баяндап берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Соңғы кездері үкіметтік емес секторлардан және бұқаралық ақпарат құралдарынан көңіл көтеру орындарында адамды масайтатын азот оксидін (күлдіргіш газ) пайдалану туралы ақпарат түсіп жатыр. Әлеуметтік желілерде бейнежазбалар да жүр.
Бұл – медициналық препарат. Оны әр түрлі медициналық операцияларды өткізу кезінде негізгі және қосымша жансыздандыру ретінде жеке медициналық ұйымдар қолданады. Азот оксидінің бақыланбайтын дозаларында жүрек қағысы жиілейді, қан тамырлары тарылады, бастың қысымы артады. Содан адамның тыныс алуы тарылып, эйфория шақырады. Ол есірткі және психотроптық заттардың құрамына жатпайды және оның айналымын полиция бақыламайды.
Қазір Денсаулық сақтау министрлігі оның айналымын бақылауды заңнамалық тұрғыда күшейту туралы біздің бастамамызды қарап жатыр. Тез арада шара қабылдау үшін еліміздің Мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің тиісті қаулысы қажет.Сонымен қатар әлеуметтік желілерде өндірістік мақсатта қарасораны пайдалану мәселесі жиі талқыланады. «Есірткі құралдары туралы» Заңмен және 1961 жылы Қазақстан ратификациялаған есірткі құралдары туралы бірыңғай конвенцияның талаптары еліміздің аумағында өндірістік қарасораны дамытуға кедергі келтірмейді.
Бұл жерде Шу алқабында өсетін қарасораны пайдалануға болмайды. Бұл немен байланысты? Халықаралық және ұлттық заңнамаларға сәйкес құрамында тетрагидроканнабинол (ТГК) есірткісі бар қарасораны өсіруге тыйым салынған – бұл өз алдына қылмыстық құқық бұзушылық деп бағаланады.
1961 жылы Қазақстан ратификациялаған Есірткі құралдары туралы бірыңғай конвенцияның талаптары қарасораны өндірістік мақсатта өсіруге тыйым салмайды.
1998 жылғы 10 шілдедегі «Есірткі құралдары туралы» Заңда қарасораны өсіруге қатысты шектеу шаралары көрсетілмеген. Ұлттық заңнамаға сәйкес, қарасораны өндірістік өсіру – лицензияланатын қызметтің түріне жатады. Лицензия беруші болып Ішкі істер министрлігі бекітілген.
Бұл біздің оңтүстік өңірдің климаттық жағдайына байланысты қарасораның техникалық сорттарында тетрагидроканнабинол жиналатынын көрсетеді.
Осыған орай, қарасораны өсіру үшін белгіленген заңнамаға сәйкес лицензия алу қажет – өндірістік және басқа да мақсаттарда қарасораны өсіруде алынған өнімнің құрамында ТГК болмауымен негізделген.