Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда рұқсат етілмеген жерге шомылған жігіт суға кетіп қалды

Туысқандарымен табиғат аясына шыққан жігіт рұқсат етілмеген жерге шомылып, суға кетіп қалған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 маусым сағат 18:44-те Жылыой ауданында Құлсары қаласынан 10 шақырым жерде, Жем өзенінде Атырау облысы ТЖД «Жедел-құтқару жасағы» күштерімен 1990 жылы туған ер адамды іздестіру жұмыстары жүргізілді.

19:55-те суға кеткен адамның денесі ТЖД қызметкерлерінің күшімен шығарылды.

Іздестіру жұмыстарына төрт қызметкер мен екі бірлік техника жұмылдырылды.

Атырау облысы ТЖД ескертеді: арнайы жабдықталмаған жерлерде суға түспеңіз, су беті көптеген қауіптерді жасырады!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру