Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызметтік міндетін өтеу кезінде қайтыс болған полицейдің отбасы назарсыз қалмады

Шымкент қаласының Полиция департаменті Еңбекші ауданының Полиция басқармасы қызметін өтеу кезінде қаза тапқан әріптесінің отбасына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаменті тергеу бөлімінің қызметкерлері ішкі істер органының бұрынғы қызметкері, өз міндетін мінсіз атқарған марқұм Нұржан Шойынбаевтың шаңырағына барып, отбасы мүшелерінің хал-жағдайын сұрап,  көмек көрсетті.

Нұржан Шойынбаев 1965 жылы туылған. Күзет бөлімі батальонының милиционері, милиция аға сержанты. 1991 жылдың 28 қаңтарында қылмыскерді құрықтау барысында пышақ жарақатын алып, ерлікпен қайтыс болған.

Өз мамандығына адал, антына берік, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында мерт болған  қайсар тәртіп сақшысы  Нұржан Алтайұлының ерлігіне тағзым жасалды. Өз өмірін бейбіт халықтың тыныштығы жолында құрбан еткен құзырлы орган қызметкерінің қайсарлығы, батылдығы, ерлігі өскелең ұрпаққа үлгі болмақ.

Қаһарманның отбасы мүшелері бұрынғы әріптесін ұмытпай, құрмет көрсеткені үшін полиция қызметкерлеріне ризашылығын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру