Ордабасы ауданында армениялық 20 көлікке сары нөмір берілді
Армения Республикасынан әкелінген автокөліктерді 2020 жылдың 1 маусымынан 1 қыркүйегі күндері аралығында тіркеу жұмыстары бойынша Ордабасы ауданында 20 Армения автокөлігі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ордабасы аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері тұрғындардың Армениядан әкелінген көліктерін тіркеп, мемлекеттік нөмір алуы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Армениялық автокөлігіне сары нөмір алған Ордабасылық тұрғын: Көлігімді заңды түрде 15-20 минутта тіркеп алдым. Рахмет, өте тиімді екен, ризамын, – деп өз алғысын білдірді.
Облыс тұрғындары естеріңізге сала кетсек, Армениялық көлігіңізді 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін тіркеуге болады. Ол үшін мемлекеттік алым төлейсіз. Үш төлем жасалады, олар: тіркеу үшін – 695 теңге, техникалық төлқұжат үшін баж – 3 мың 473 теңге және мемлекеттік нөмір үшін баж – 7 мың 778 теңге.