Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан СҚО-да криминалистер 600-ге жуық қылмысты ашуға қатысты

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері әр тергеу жұмысын криминалистердің қатысуымен жүргізеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іздерді зерттеу, биологиялық материалға сараптама жасау, иіс бойынша сәйкестендіру және зерттеулердің басқа да түрлері қылмыстың белгілерін толық және жан-жақты ашуда аса маңызды болып табылады. Жұмыстың негізгі бөлігі дактилоскопиялық зерттеулердің үлесіне тиесілі – басқаша айтқанда саусақ іздерімен жұмыс істеу. Жуырда олардың атқарған ісі азық-түлік дүкенінен 150 мың теңгенің жылу есептеуішін ұрлаған күдіктіні жедел ұстауға септігін тигізді. Із қалдырған қылмыскерді «Папилон» автоматтандырылған дактилоскопиялық сәйкестендіру жүйесі анықтауға мүмкіндік берді. Көзі қарақты СҚО ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының қызметкері полиция майоры Александр Хлевов бұрын сотталған 32 жастағы қалалықтың ізіне шықты. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге қатысты келу міндеттемесі түріндегі шара таңдалды. Ұрланған зат алынды.

– Криминалистердің жұмысы — полиция қызметіндегі «ғылымды қажет ететін» бөлігі болып табылады, олардың «погондағы ғалымдар» деген атқа ие болуы бекерден-бекер емес, – СҚО ПД ЖКБ бастығының орынбасары Қанат Оспанов. — Олрдың қолданатын құралдары заманауи ғылыми-техникалық жаңалықтар және компьютерлік жүйе болып табылады. Әрине, ешқандай компьютер адамды алмастыра алмайды. Бір ғасыр бұрын криминалистика ғылымы жаңа ашылған кезінде ұсынылатын тізімдермен жұмыс лупамен жүргізілсе, қазір де солай.

Жыл басынан барлығы СҚО ПД криминалистикалық бөлінісінің қызметкерлері қылмыс орнынан 793, оның ішінде ұрлық жасалған орыннан 579 қол ізі алынды. Осы фактілер бойынша 1394 дактилоскопиялық зерттеу жүргізілді. Бұдан басқа, дактокарталар жәбірленушілерден (артық қол іздерін алып тастау – бұл карталар салыстырылғаннан кейін өшіріледі), тергеу және әкімшілік қамаудағы тұлғалардан және еңбек мигранттарынан, тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдардан саусақ іздері алынады. Барлығы бес айда СҚО полицейлері «Папилон» АДАЖ-ға 4387 жаңа дактокарта қосты.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру