Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Самара-Шымкент» тасжолында профилактикалық жұмыстар өтті

Ақтөбе облысы аумағында «Қауіпсіз жол» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Профилактикалық іс-шара өткізу барысында «Жолда қабылдау» акциясын халықаралық маңызы бар «Самара-Шымкент» тасжолының 965 шақырымында Қарабұтақ елді-мекені маңында өткізілген.

Қазіргі таңда халықаралық маңызы бар «Самара-Шымкент» тасжолында жол-көлік оқиғасы көбеюде, бес айдың қорытындысы бойынша 23 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның ішінде 19 адам қаза болып, 32 адам дене жарақатын алған.

Жол-көлік оқиғаларының себептері – қозғалыс жылдамдығын шамадан тыс арттыру, қозғалыстың қарсы бағытына шығу және көлік басқару кезінде түнгі мезгілде ұйықтап кету болып отыр. Осыған байланысты акция өткізу барысында жүргізушілерге қауіпті жол бөліктері мен аумақтарды ескертіп, демалыс орындары көрсетілген арнайы жадынамалар таратып жатыр.
Ақтөбе облысының Полиция департаменті жол-көлік оқиғаларының көп себептерінің бірі – жол қозғалыс ережесін сақтамау екенін еске салады.

Алайда, бұдан басқа, апатқа түсу ықтималдығына әсер ететін көптеген факторлар бар. Ең көп таралғаны: жол қозғалыс ережесін сақтамау, жылдамдықты арттыру, қарсы қозғалыс жолағына шығу, алкогольдік және есірткілік масаң күйде айдау, жол үстінде шаршау, ауа райы қолайсыз болғанда жолға шығу, тәуліктің қараңғы уақытында жолға шығу, автокөліктің техникалық жағдайы нашар болуы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру