Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өтті

Қызылордада «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі» өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті Пробация қызметінде есепте тұрған соттталғандарға жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жоспарға сәйкес жүйелі түрде әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетіліп отырады.

Әлеуметтік-құқықтық көмектің бірі – есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру болып табылады.

Бүгін Қызылорда қаласындағы «Бақытты отбасы» орталығында қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімі, Қызылорда облысы ҚАЖД пробация қызметі, Қызылорда қаласының прокуратурасы пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету, әлеуметтік бейімделуі мен оңалуын ұйымдастырып, жұмыспен қамту үшін «Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін» өткізді.

Жәрмеңкеге Қызылорда қалалық пробация қызметінің  есебінде тұрған 20 адам жұмыс іздеуші ретінде қатысты. Жәрмеңкеге  25-тен астам жұмыс беруші мекемелерден 415 бос жұмыс орындары ұсынылды. Әсіресе жүргізуші, сантехник, тас қалаушы, монтаждаушы, сылақшы, бетон құюшы мамандықтарына сұраныстар болды. Нәтижесінде, пробация қызметінің есебінде тұрған тоғыз адам  «Иман» ЖШС, «Bolashak Internation» ЖШС, «Сапақ» өндірістік кооперативіне бос жұмыс орнына  жолдама алды. Есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру олардың құқық бұзушылықтармен қайта қылмыс жасауларының алдын алу шараларының бірі болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру