Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Шартты түрде сотталған”

Шығыс Қазақстан облысында 15 маусымнан бастап “Шартты түрде сотталған” атты республикалық профилактикалық іс-шара жүргізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті Семей қаласы Затон аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталған адамдар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың және қылмыстың қайталануының алдын алу және жаза өтеуден қасақана жалтарып, іздеуде жүрген адамдарды анықтау мақсатында “Шартты түрде сотталған” атты республикалық профилактикалық іс-шаралар өткізіліп жатыр.

ШҚО бойынша ҚАЖ Департаменті Семей қаласы Затон аудандық пробация қызметінің бастығы Жасулан Ариновтың ақпараты бойынша, РПІШ барысында қылмыстың алдын алуға байланысты пробация қызметінің қызметкерлері полицияның учаскелік инспекторларымен бірлесіп, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды аралауға шығады. Сонымен қатар, бас бостандығынан оқшалаусыз жазаға тартылған сотталған адамдардың тарапынан құқық бұзушылықтарды немесе қайта қылмыстық құқықбұзушылықтарды дер кезінде анықтау мақсатында, ҚР ІІМ іздеу жүйелері және басқа мемлекеттік органдардың базалары бойынша тексеру жүргізіледі. РПІШ өткізудің қорытындылары бойынша оң нәтижелері жарияланатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру