Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Белгісіз біреу көшеде ер адамды пышақтап кетті

Жедел іздестіру қорытындысына сәйкес күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 маусым күні кешкілік Шахтинск қалалық орталық ауруханаға денесінде пышақ жарақаттары бар 43 жастағы қала тұрғыны жеткізілген.

Жәбірленуші дәрігерлерге пышақ жарақатын үйінің ауласында белгісіз біреудің салғанын айтқан.


Жедел іздестіру іс-шаралары барысында, полиция қызметкерлерінің кәсіби шеберлігінің арқасында “ізін суытпай” күдіктіні құрықтады. Оның 59 жастағы Бұқар-Жырау ауданының тұрғыны екені белгілі болды. Күдікті мойындау көрсетпе белгілерін берді.


Аталған фактіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 106-бабы 1-тармағы “Қасақана адам денесіне ауыр дене жарақатын келтіру” бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру