Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кезекші бөлімнің қызметі

26 маусым – Қазақстан полициясы күні қарсаңында Polisia.kz редакциясы Отанына адал қызмет етіп, ел қорғаны болған полицейлер туралы жарияламақ.

Полицияда болған қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы кезекші бөлімнің қызметкерлері бірінші болып біледі, дәл осы адамдар жедел іс-шараларды одан әрі өткізу туралы шешім қабылдайды. Кезекші бөлім-бұл ең тәжірибелі полицейлер қызмет атқаратын – полиция бөлімінің жауапты учаскелерінің бірі. Бүгінгі күні Ақтоғай ауданының кезекші бөлімі – капитандар Қуаныш Омаров, Ержан Қани және Олжас Бақтыбай, старшиналар Серік Арынов және Аманжол Жұмабаев және аға сержант Ардақ Итжанов.

– Кезекші бөлім біздің полиция бөлімінің ми орталығы болып табылады және оның қызметкерлерінің жеделдігіне қылмыстарды, кейде ауыр қайғылы оқиғаларды ашу байланысты, – дейді полиция бөлімінің бастығы Қайыргелді Жақыпов.

Мұнда ұсақ бұзақылықтан бастап қылмыстық қылмыстарға дейінгі ауданда болған оқиғалар туралы барлық қоңыраулар мен хабарламалар келіп түседі. Әрбір хабарлама бойынша кезекші жедел тәртіппен тиісті жұмысты ұйымдастырады: нарядтарды, жедел-тергеу тобының оқиға орнына жолдаманы уақтылы және дұрыс бағдарлайды.

Кезекші бөлімнің таңы ауысу-сапқа тұрудан басталады, онда бір ауысым өз істерін тапсырады, ал түсуші қабылдайды. Нұсқамада бағдарлар, оның ішінде тонау және ұрлық, іздестіріліп жатқан қылмыскерлер, хабар-ошарсыз кеткендер, айдап кеткен автомобильдер, апаттылық статистикасы айтылады, кезекшілік күніне күштер мен экипаждардың орналасуы жарияланады.

– Бір сөзбен айтқанда, барлық 24 сағат ішінде кезекші бөлімнің телефоны тыным таппайды. – Келіп түскен әрбір қоңырауды кезекші тыңдап, қажетті ұсыныстар беруге міндетті, – деп атап өтті Қайыргелді Жақыпов.

Нақтырақ айтқанда, кезекші бөлімнің жедел үйлесімді жұмысының арқасында, біздің ауданда жасалған қылмыстар ізін суытпай ашылуда.
Қазақстан полициясы күнін мерекелеу қарсаңында Ақтоғай ауданының Полиция бөлімі кезекші бөлімінің жеке құрамына және олардың отбасы мүшелеріне мықты денсаулық, отбасылық амандық және қызметте табыс тілейміз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру