Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда жер үйден өрт шықты

Өткен демалыс күндері Қостанай облысында бірнеше жерден шықты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 маусым сағат 02:43 -те Қостанай қаласы №5 өрт сөндіру бөлімінің «101» пультіне Қостанай қаласы Шевченко көшесі 86 мекен-жайы бойынша жеке үйдің жанып жатқандығы туралы қоңырау келіп түсті. Өрт орнына тез арада №3 кезекші қарауылдың екі АЦ шықты. Келген соң үйдің шатыры, сондай-ақ үйдің ішіндегі қабырға мен төбенің қаптамасы ашық жалынмен жанып жатқаны анықталды. Өрттің жалпы аумағы 50 шаршы метрді құрады. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында жақын тұрған «Шторы€ дүкеніне өрт таралмады, дүкен зардап шеккен жоқ. Өрт сағат 03.09 мин-те жойылды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қостанай облысы ТЖД күштері мен құралдары құрамында төрт бірлік техника және 15 жеке құрам жұмылдырылды. Өрт себебі анықталып жатыр.

Осы күні сағат 14:12-де Қостанай қ. №5 ӨСБ «101″ пультіне Темірбаев көшесі 56 үйде жапсарлас құрылыс жанып жатқандығы туралы тағы бір хабарлама келіп түсті. Шақырту орнына жеткенде жеке үйдің ауласында ауданы 60 шаршы метр оты бар жеке тұрған жапсарлас құрылыс ашық жалынмен жанып, өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін жапсарлас құрылыс құлауы орын алды, сондай-ақ жоғары температурадан үйдің ағаш қабырғасы зардап шекті және 5 шаршы метр темір дуалдың бояуы жанғаны анықталды. Өрт 14 сағат 24 минутта шектелді және 14 сағат 25 минутта жойылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

20 маусым сағ. 14:14 Қостанай ауданы, Лиманное ауылы, Казахская 7 мекен-жайы бойынша жалпы ауданы 10 ш.м. монша шатыры өртенді. Өрт сағат 14:43-те оқшауланып, 14:53-те жойылды. Өртті сөндіруге ТЖД күшімен 2 бірлік техника мен жеке құрамның бес адамы, сондай-ақ «ӨС және АҚЖҚ» ММ бір бірлік техника мен жеке құрамның үш адамы жұмылдырылды.

20 маусым сағ 14: 58-де Рудный қаласы№ 3 ОБ, № 2 көше, № 281 учаске мекен-жайы бойынша  жалпы алаңы үш шаршы метр шарбақ өртенді. Өрт сағат 15.40 мин-те ТЖД құрамында бір бірлік техника және жеке құрамнан бес адам, сонымен қатар «ӨС және АҚЖҚ» ММ құрамында екі бірлік техника мен жеке құрамның 10 адамы жұмылдырылды.

20 маусым сағат 22:30-да Меңдіқара ауданы, Боровское ауылы, Пушкин көшесі 44 мекен-жайында монша өртенді. Өрт сағат 22:51-де оқшауланып, сағат 23:06-да ТЖД бір бірлік техника мен жеке құрамның төрт адамы күшімен жойылды.

Қостанай облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметі тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы ескертеді. Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру