Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді отбасымен қауыштырды

Алматы облысының полицейлері жоғалған жасөспірімді отбасымен қауыштырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.


14 жастағы баланың жоғалғаны туралы анасы дабыл қағып, өзіндік іздеуі нәтиже бермегеннен кейін ол полицияға шағымданған. Тәртіп сақшылары жарты сағат ішінде жоғалған жасөспірімді тауып, ата-анасымен қауыштырды. Жоғалған жасөспірімнің анасы полицейлерге алғысын айтып, жылы лебізін білдірді.

– 14 жастағы Текелі қаласының кәмелетке толмаған тұрғыны үйдің жанында ойнап, кенеттен бағдарын жоғалтып, үйден алыс кетіп қалғаны белгілі болды. Аталған дерек полиция бөлімінде тіркелді. Бірден баланы іздеу жұмыстары ұйымдастырылды. Полиция наряды жарты сағат ішінде бүкіл қаланы аралап, баланың орналасқан жерін сипатталған белгілері бойынша анықтап, оны іздеп тапты. Бала ата-анасына дін-аман тапсырылды, – дейді Текелі қалалық ПБ бастығы Ұлан Садыков.

Полиция қызметкерлері барлық ата-аналарды балаларын назардан тыс қалдырмауға және олардың ересектердің еріп жүруінсіз кешкі және түнгі уақытта болуына жол бермеуге шақырады.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру