Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында шетел азаматы ірі ұрлық жасады

Алматы облысының полицейлері бір миллионнан астам теңге және бағалы заттарды ұрлап отанына ізін суытқан Тәжікстан азаматын тұтқындады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2019 жылғы наурыз айында Қарасай ауданының Полиция басқармасына сол ауданның 37 жастағы тұрғыны 1 миллион теңгеден астам ақшасы мен жеке заттарының ұрланғаны туралы арызданған. Аталған факт ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша тіркелгеннен кейін, полиция қызметкерлері оқиға орнына шығып, кілт таңдау арқылы күдіктінің пәтерге кіргенін анықтады. Сол пәтерді жалдап тұрған 29 жастағы Тәжікстан азаматы тәртіп сақшыларының күдігін тудырған. Ол дереу оқиға орнынан ізі суытқан.

Алайда, кашқын ұсталды. Күдікті миллион теңге және қалған мүліктерді ұрлағанын мойындады. Оның айтуы бойынша, ол қылмыс жасағаннан кейін отаны Тәжікстанға барып, ұрлаған ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсады. Жақында Қазақстанға оралып, Нұр-Сұлтан қаласындағы құрылыс нысандарының бірінде жалданып жұмыс істей бастады. Онда ол бірден ұсталды. Ұрлық ұмытылған деп ойладым, сондықтан еш ойсыз табысқа қайта оралдым деп айыпталды күдікті. Сезіктіге сотқа дейінгі тергеу кезеңінде тергеу судьясы қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Тергеу аяқталуға жақын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру