Тыйым салынған аудио дәрістер анықталды
Көлік полицейлері теміржол ұйымдарының қызметкерлерінен тыйым салынған аудио дәрістерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көліктегі полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «ВКонтакте» және “Facebook” әлеуметтік желілеріне мониторинг жүргізу кезінде теміржол ұйымдарының үш қызметкерінен деструктивтісипаттағы аудио дәрістерді сақтау фактілерін анықтады. Бұл туралы Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Алибаев мәлімдеді.
– Тексеру барысында көлік полицейлері Алматы, Түркістан және Ақтөбе облысының тұрғындарын анықтады. Олар 33,34 және 36 жаста.
Дінтану сараптамасының қорытындысы бойынша аудио жазбалардың Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынғаны анықталды, – деді Н.Алибаев.
– Сот шешімімен аталған азаматтар ҚР ӘҚБтК453–бабының 1 және 2 бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және әрбіріне 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды, – деп атап өтті полиция полковнигі.
Көлік полициясы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді, ҚР тұтастығын бұзуды, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, соғысты, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездікті, зорлық-зомбылықты және порнографияны насихаттауға немесе үгіттеуге бағытталған мәліметтер мен материалдар қамтылған бұқаралық ақпарат құралдары өнімін дайындауға, сақтауға, әкелуге, тасымалдауға, таратуға тыйым салынатынын ескертеді.